Өнеркәсіпті дамыту қоры әзірге мұндай мүмкіндік беру мәселесі қаралып жатпағанын хабарлады.
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында жеңілдетілген атонесиеге алдағы уақытта да тек компьютермен өтініш беруге болатынын хабарлады.
"Смартфонмен өтініш беру мүмкіндігі әзір қаралып жатқан жоқ, – деп мәлімдеді Ринат Ғаппаров. – Себебі, электронды цифрлық қолтаңбаны смартфон арқылы қою мүмкін емес. Ал бұл – біздің боттан қорғау жүйесінің ең маңызды тұсы. Екіншіден, онда өтініш берушінің бүкіл мәліметі жинақталған. Яғни, мақұлданған өтінішті әрі қарай сатып жіберудің жолын кеседі. Яғни, бұл боттардан да, алаяқтардан қорғайды", – деп түсіндірді Ринат Ғаппаров.
Оқи отырыңыз:
- 18 секундта – 761 өтініш: Автонесие сайты неге көп адамның өтінішін қабылдамады?
- Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
- 2023 жылы 4 пайыздық автонесиемен қалай көлік алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап
Қор өкілінің айтуынша, өтінішті әзір тек компьютер арқылы беруге болады.
"Бірақ, бағдарлама ұзақмерзімді болғандықтан, оны әлі де жетілдіруіміз мүмкін", – деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Еске салайық, 6 ақпанда автонесиеге онлайн өтініштер қабылданып, 761 адам 18 секундта-ақ өтініш беріп үлгерген болатын. Сондай-ақ, бірінші минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады, деп хабарлайды Қазақстан даму банкі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-