36 градус ыстық және найзағай: Қазақстанда 11 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның кей өңірінде найзағай, бұршақ және тұман болады.

"Қазгидромет" 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жарияланды. Елдің бірқатар өңірінде ауа райы ыстық болады. Оңтүстік және батыс облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен тұман күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы: түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы: 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соққан жел кейін батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы: 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Қонаевта көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Шығыстан соққан жел кейін батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы: 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы: 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +34...+36°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы: түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы: 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Түнде солтүстіктен, солтүстік-батыстан 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы: түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соққан жел кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Қостанайда бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +17...+19°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C болады.

Павлодарда күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы: түнде +14...+16°C, күндіз +32...+34°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы: түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кейін оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +17...+19°C, күндіз +24...+26°C.

Өскеменде аспан ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +31...+33°C болады.

Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 4-9 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы: түнде +11...+13°C, күндіз +32...+34°C.

Қызылордада бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +25...+27°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау