USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

34 градус ыстық, жаңбыр, жел: 5 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Елдің көп бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның басым бөлігінде 5 маусым күні жауын-шашын күтілмейді. Жаңбыр мен найзағай негізінен елдің солтүстік және жекелеген батыс өңірлерінде болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы және тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Күндіз желдің екпіні артады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.

Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.

Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.

Петропавлда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Семейде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.

Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз