USD: 473.1 / 476.1
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

31 шілдеде Қазақстанның оңтүстігінде +44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның бір бөлігінде аптап, енді бірінде жаңбыр күтіледі.

31 шілдеде Қазақстанның батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріліп, елдің солтүстігі, батысы және шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Ең жоғары температура Түркістанда тіркеліп, күндіз ауа +42...+44 градусқа дейін ысиды. Қызылордада +40...+42, Шымкентте +39...+41, Жезқазғанда +36...+38, Қонаев пен Астанада +35...+37 градус ыстық болады.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +32...+34 градусқа дейін жылынады.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай мен Оралда бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Орал, Шымкент, Тараз және Түркістанда желдің күшеюі күтіледі. Атырауда күндіз шаңды дауыл болжанып отыр.

Ал қалған өңірлерде құбылмалы бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау