Мамыр айында өңірдегі жусанның биіктігі 25 сантиметрге жеткен.
Арал ауданында қуаңшылыққа қарсы шаралар нәтижесінде 30 жыл бойы су келмеген көлдер толды. Оның үстіне жауын-шашын да мол болып, жер көкке оранды. Мамыр айының өзінде жусанның биіктігі 25 сантиметрге жетті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Су қорының молаюына байланысты ұзақ жыл көзге түспеген өсімдік түрлері де қайта шығып жатыр.
"Биыл өте жақсы деп айтуға болады. 22 сантиметрге дейін жусан өсті. Мысалы, шағыр, тағы да өсімдіктер бар. Мортық деген шөптеріміз бар. Өзімізге тән. Негізгі Арал өңірі бойынша 350-ut жуық өсімдіктің түрі бар", – деді "Барсакелмес" мемлекеттік табиғи қорығының директоры Хамит Қаниев.
Оқи отырыңыз:
Өткен жылы мына жерлер қу тақырға айналып, мал жемейтін ащы шөптен басқа ештеңе шықпай қалған еді. Биыл төрт түлікке тез қоң беретін қоңырбас шөбінен бастап, жусан, жоңышқа, тіпті жабайы жуа мен саңырауқұлақта қаулап өсті.
Соған орай, жергілікті шаруалар алдағы 4-5 жылда мал азығынан тапшылық көрмейміз дем үміттеніп отыр.
Айта кетейік, Арал ауданында биыл 15 жер асты су көзінің ұңғымасын қазу жоспарланған. Бүгінге дейін төртеуінен су шығып тұр. Соның бірі Жақсықылыш ауылына жақын жерден іске қосылды. Тұщы су 160 метр тереңдіктен шықты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-