"3 жыл жұмыс істемеген". Грантпен оқыған түлек бюджетке 1,7 млн теңге қайтарады

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
Сот грант шығынын өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Жамбыл облысында мемлекеттік грант негізінде білім алған түлек оқу шығындарын бюджетке қайтаруға міндеттелді. Іс Талас аудандық соты-нда қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, 2018 жылы Астана қаласының білім басқармасы, университет және студент арасында жергілікті бюджет есебінен білім беру қызметін көрсету туралы үшжақты келісім жасалған. Шарт талаптарына сәйкес, грант иегері оқуын тәмамдағаннан кейін уәкілетті орган жолдамасымен кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс болған. Бұл міндет орындалмаған жағдайда оқу шығындарын өтеу қарастырылған.

"Жауапкер 2021–2025 жылдары "География" мамандығы бойынша білім алып, диплом алғанымен, жолдама бойынша жұмысқа орналаспаған. Оқу орнының дерегінше, студентті оқытуға 4,6 млн теңге жұмсалған. Оның 1,7 млн теңгесі – оқу ақысы, 2,8 млн теңгесі – стипендия. Талап қоюшы орган тек оқу құнын өндіріп беруді сұраған", – делінген хабарламада.

Сот шешімімен түлектен 1,7 млн теңге білім басқармасының пайдасына және мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз