USD: 467.1 / 469.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

3 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған ұйымдасқан топқа үкім шықты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Түркістанда 3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды.

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесіне сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысы қылмыстағы рөліне қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚМА. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2016–2021 жылдары "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның ірі қара мал сатып алуға арналған бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Олар жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді тіркеп, қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, жалған құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі арқылы несие рәсімдеген.

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, 24 жалған несие рәсімделген. Кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау