USD: 474.9 / 477.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

3-14 тамыз аралығында Алматыда жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматының жеті ауданында гидравликалық сынақ өтеді.

Алматыда 3-14 тамыз аралығында жеті ауданның аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақтың екінші кезеңі өтеді. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, магистральдық және тарату құбырларын тексеру күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

"Барлық қауіпсіздік шаралары сақталғанымен, кейбір учаскелерде судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқиға орнына жақындамай, бірден жауапты қызметтерге хабарлау қажет. Гидравликалық сынақ Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарындағы әртүрлі көшелер мен шағынаудандарда кезең-кезеңімен жүргізіледі", – делінген хабарламада. 

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, сынақ жүргізілетін аумақтардағы тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толық көлемде сақталады.

"Гидравликалық сынақ жылу желілерінің техникалық жай-күйін тексеру, құбырлардағы ақауларды анықтау және алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында өткізіледі. Төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындар 351-27-62, 341-07-00, 341-07-77 (ішкі нөмірлері 1011 немесе 1014) телефондарына немесе 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау