USD: 475.3 / 477.9
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыда интим-трансляция жүргізген вебкам-студияның қызметі тоқтатылды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Алматыда вебкам-студияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда полицейлер интимдік сипаттағы ақылы интернет-трансляциялар жүргізілген заңсыз вебкам-студияның қызметін тоқтатты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері пәтерге барған кезде онда онлайн-трансляцияға қатысып жатқан қыз бен студия әкімшісін анықтаған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.

Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құрылғылары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар өзге де заттар тәркіленді.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір заңсыз студияның қызметін ұйымдастырған және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ полицейлер цифрлық кеңістікте толық анонимділік болмайтынын ескертіп, интернетте жасалған кез келген заңсыз әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау