29 наурыздан бастап өзбекстандық Centrum Air әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер орындай бастайды, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.
Рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшулар Airbus A320 ұшағымен орындалады. Жол жүру уақыты шамамен екі сағатты құрайды.
Барып-қайту бағытындағы әуе билеттерінің ең төменгі бағасы (багажсыз) 85 мың теңгеден немесе шамамен 171 АҚШ долларынан басталады.
"Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын дамытуға, сондай-ақ іскерлік, туристік және отбасылық қатынастарды кеңейтуге ықпал етеді", – делінген хабарламада.