Тікелей эфир

28 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады.

Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,62 теңге. Еуро – 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 509,5 теңге. Еуро 528–532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60-4,75 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары