Тікелей эфир

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті.

Ұлттық банктің мәліметінше, алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.

2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

  • 17 қаңтар
  • 7 наурыз
  • 11 сәуір
  • 5 маусым
  • 11 шілде
  • 29 тамыз
  • 10 қазан
  • 28 қараша
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары