Биыл 5-8, 10 сынып оқушылары тұңғыш рет "Қазақ тілінен" емтихан тапсырады. Емтихан уақыты 27-31 мамыр аралығына белгіленген. Дегенмен, емтиханның нақты уақытын әр мектеп өзінше белгілеуге құқылы.
Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша форматта өтеді және үш сағатқа созылады. Жазбаша емтиханда оқушыларға эссе жазуға тапсырма берілсе, ауызша емтиханда оқушының сөйлеу, тыңдау және оқу қабілеттері тексеріледі.
Оқу-ағарту министрлігінің түсіндіруінше, емтихан оқушылар әр тоқсан сайын тапсыратын бағалау жиынтығына өте ұқсас келеді. Ал тапсырмаларды әр мектептің мұғалімдері өздері әзірлеп, емтиханды да өздері қабылдайды.
Биыл аталған емтиханның тұңғыш рет өткізілуіне байланысты, оқушылардың қорытынды бағасы емтиханның нәтижесіне (30 пайыз) және оқушының жылдық үлгеріміне (70 пайыз) қарай қойылады.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8, 10 сынып оқушылары "Қазақ тілінен" міндетті емтихан тапсырады
Емтихан қалай бағаланады?
Ең жоғарғы нәтиже – 30 балл. Оның ішінде:
- 0-11 балл – төмен. Оқушы емтиханды қайта тапсырады;
- 12-18 балл – орташа көрсеткіш (3 деген бағаға балама);
- 19-24 балл – жақсы көрсеткіш (4 деген бағаға балама);
- 25-30 балл – өте жақсы көрсеткіш (5 деген бағаға балама).
Оқи отырыңыз: Смағұл Елубай оқушылардың қазақ тілінен емтихан тапсыруы туралы: Адамды тәубесіне келтіретін шешім