Жазушы бұған наразы адамдар Қазақстанда тұрмағаны дұрыс деп ойлайды.
Жазушы Смағұл Елубай Оқу-ағарту министрлігінің 5-8, 10-сынып оқушыларын "Қазақ тілі" пәнінен (қазақ тілінен өзге тілде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінен) емтихан тапсыруға міндеттеу туралы бастамасына "Ана тілі" басылымында пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл – қазақ тіліне тірек болатын шешім.
"Біз көрдік, заң да шығардық, халықтан сұрап та көрдік. Шынын айту керек, ешқандай сөз әсер етпейді. Сондықтан да, мемлекеттік тілдің қажет екенін түсінбей жүрген жандарды тәубесіне келтіретін осы емтихан деп ойлаймын. Мемлекеттік тілден емтихан тапсыру оқушыны, адамды тәубесіне келтіреді. Онсыз біз тағы да бір 30 жыл жүруіміз мүмкін", – деді Смағұл Елубай.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8, 10 сынып оқушылары "Қазақ тілінен" міндетті емтихан тапсырады
Жазушының айтуынша, Қазақстан қазақ тілін өзге тілдерден жоғары қоюы қажет.
"Оған (бұл шешімге – ред.) наразы адамдар жалпы Қазақстанда тұрмағаны дұрыс деп ойлаймын. Қазақстан қазақ деген халықтың негізінде құрылған. Тәуелсіз ел халықтың тілін сақтамаса, тілін бәрінен де жоғары қоймаса, ол мемлекет болмайды. Қазақ халқы болмаса, қазақ мемлекеті де болмайды", – деді жазушы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
277
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
266
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
261
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
285
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
292
-
0
-
1
-