25 қыркүйекте Көктөбеге кіруге уақытша тыйым салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Көктөбеге баруды жоспарлағандарға ескерту жасалды.

25 қыркүйек күні Алматыдағы Көктөбе аумағы келушілер үшін уақытша толық жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Шектеу 00:00-ден 17:00-ге дейін қолданылады.

Белгіленген уақыт аралығында Көктөбеге келушілер үшін бірқатар шектеу енгізіледі. Атап айтқанда:

  • аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
  • автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
  • жаяу жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

Осыған байланысты Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан сапарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды. Көктөбе аумағы 25 қыркүйек сағат 17:00-ден кейін келушілер үшін қайта ашылады деп күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау