Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы 22 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы жарияланды.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 447,85 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 0,66 теңгеге төмен. Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 448,44 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 444,05 теңгеден сатып алып, 451,05 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағамы – 508,10 теңге, сату бағамы – 518,10 теңге. Рубльді 4,97 теңгеден сатып алып, 5,17 теңгеден сатуға болады.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 446,68 теңге, сату бағамы 448,49 теңге болды. Еуро 509,64 теңгеден сатып алынып, 514,55 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағамы – 5,02 теңге, сату бағамы – 5,14 теңге.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,22 теңгеден сатып алып, 449,32 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағамы 512,36 теңге, сату бағамы 516,56 теңге. Рубль 5,05 теңгеден сатып алынып, 5,12 теңгеден сатылып жатыр.