22 cәуірден бастап Қостанайдан шығатын Jac көліктері арзандады

Фото: JMQ
Фото: JMQ
Сондай-ақ, брендтің Қазақстандағы өкілдігі үздік жаһандық дистрибьютор атанды.

Allur компаниялар тобына кіретін Jac Motors Kazakhstan екі бірдей жаңалығын жария етті. 

Компания 22-30 сәуір аралығында Қостанайдағы зауытынан шығатын көліктердің барлық моделіне бағаны төмендетті. Сондай-ақ, көліктерді несиеге рәсімдеу шарттары да жеңілдеген. Бұл шара компаниялар тобының 22 жылдығына орай қолға алынған. 

Екінші жаңалық – қазақстандық компания Қытайдың Хэфэй қаласында өткен Jас жаһандық серіктестер конференциясында 2024 жылдың қорытындысы бойынша JAC брендінің үздік жаһандық дистрибьюторы атанды. Арнайы жүлде 100-ден астам ел мен аймақтан келген өкілдер қатысқан конференция барысында табыс етілді. 

"Бұл қазақстандық компанияның халықаралық серіктестер арасындағы тұрақты позициясы мен жоғары орнын дәлелдейді. Жүлдеге негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі, дистрибьюторлық желінің кеңеюі, сатылым көлемінің ұлғаюы және клиенттік қызмет сапасының жақсаруы негіз болды", – делінген компанияның хабарламасында. 

Айта кетейік, JMQ 2024 жылы 11 771 автомобиль сатып, Jac Қазақстанда ең көп сатылатын 5 көлік маркасының қатарына енді. Қазақстанда компанияның 31 дилерлік орталығы бар. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау