Елордада Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі басталды

Фото: BMCA
Фото: BMCA
Көрмеге "Brissoil" ЖШС, "LUKOIL Lubricants Central Asia", "RISMI group" және "Қайнар-АКБ" ЖШС сияқты 54 қазақстандық компания қатысып жатыр.

Бүгін Automechanika Astana 2025 ірі халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.

Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсуге, инвестицияларды белсенді тартуға және ішкі құнды қалыптастыруға ең үлкен үлес қосып келеді. 2024 жылы автомобиль өндірісіне құйылған инвестиция 189,8 млрд теңгені құрады, бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 есе және 2023 жылмен салыстырғанда 475 пайызға артық.

Бүгінде еліміздің 6 өңірінде көлік шығаратын 8 кәсіпорын бар және онда 7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта Алматы мен Қостанай қалаларында екі жаңа автомобиль зауытының салынуына байланысты тағы 5 мың маман қажет болады.

Кейінгі 10 жылда еліміздің автомобиль өнеркәсібіне ірі халықаралық серіктестер, соның ішінде General Motors (Chevrolet), KIA, Hyundai, JAC, Golden Dragon, Yutong, KAMAZ сияқты трансұлттық компаниялар тартылды.

Фото: BMCA

Ашылу салтанатында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков құттықтау сөз сөйледі.

"Бүгін Астанада 20-дан астам елден 300-ден аса компания автомобиль өнеркәсібіндегі соңғы технологияларды, шешімдер мен идеяларды ұсыну үшін жиналды", – деді Олжас Сапарбеков.

Вице-министр машина жасауды, оның ішінде автомобиль құрамдас өнеркәсібін және сервистік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік индустриялық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Automechanika Astana Еуразиялық экономикалық одақтың және басқа да аймақтардың өндірушілеріне, дистрибьюторларына, сервистік компанияларына және сарапшыларына арналған алаң. Іс-шараға 22 елден, соның ішінде Германия, Италия және Жапониядан 350-ден астам компания қатысып жатыр.

BMCA Қазақстан директоры Ануар Малик / Фото: BMCA

"Осындай деңгейдегі шаралар – саланың ғана емес, ел экономикасының дамуына да қажет. Әрбір салынған қаржы мультипликативті әсер береді. Automechanika – әлемдегі ең ірі көрмелік брендтердің бірі. Қазақстанның осындай маңызды алаңға айналуы – біз үшін үлкен мәртебе", – деді BMCA Қазақстан директоры Ануар Малик.

Көрмеге "Brissoil" ЖШС, "LUKOIL Lubricants Central Asia", "RISMI group" және "Қайнар-АКБ" ЖШС сияқты 54 қазақстандық компания қатысып жатыр.

"Automechanika-ның Астанада өтуін Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші хаб ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін мойындау деп білемін. Көрме экономикаға серпін беріп, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің маңызды салаларына инвестициялар тартуға көмектеседі", – дейді Туризм және спорт вице-минстрі Ержан Еркінбаев.

Туризм және спорт вице-минстрі Ержан Еркінбаев / Фото: BMCA

Өз кезегінде, Messe Frankfurt вице-президенті Майкл Йоханнес Automechanika Astana жыл сайын автомобиль өнеркәсібі мамандары үшін жетекші халықаралық алаң ретінде өз орнын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Іс-шараның негізгі бөлімдері автобөлшектер мен автокомпоненттер, электроника және коммуникация жүйелері, аксессуарлар мен баптау, диагностика және жөндеу, майлар мен автохимиялық өнімдер, автокөлік жуу және автокөлікті күтуді қамтиды. 

Көрмеде семинарлар мен дөңгелек үстелдер, озық технологиялар мен шешімдер бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібіндегі негізгі трендтерді талқылау болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау