Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындыланды. Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 448,44 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 1,36 теңгеге жоғары.
Ұлттық банктің 21 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 446,56 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 444,01 теңгеден сатып алып, 451,01 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағамы – 507,01 теңге, сату бағамы – 517,01 теңге. Рубльді 4,95 теңгеден сатып алып, 5,15 теңгеден сатуға болады.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 447,30 теңге, сату бағамы 449,26 теңге болды. Еуро 510,21 теңгеден сатып алынып, 515,29 теңгеден сатылуда. Рубльдің сатып алу бағамы – 5 теңге, сату бағамы – 5,12 теңге.
Шымкентте айырбастау пункттері долларды орта есеппен 447,81 теңгеден сатып алып, 449,83 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 512,92 теңге, сату бағамы – 517,04 теңге. Рубльді 5,04 теңгеден сатып алып, 5,12 теңгеден сатуға болады.