Тікелей эфир

2030 жылы кәсіптік білімі барларға сұраныс артады. Бұл жоғары білімділерден 70% көп

Вице-министр Асқар Биахметов қандай мамандарға сұраныс жоғары болатынын айтты.

2030 жылға дейін Қазақстанға 1,8 млн маман қажет болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов қандай мамандықтар жоғары сұранысқа ие болатынын айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, 1 миллион кәсіптік-техникалық білімі бар маман қажет болады. Бұл жоғары білімі бар маандарға деген қажеттіліктен 70 пайыз артық. Ал жалпы 2030 жылға қарай барлығы 1,8 миллион маманға қажеттілік туындайды. 

"Оның ішінде құрылыста техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға сұраныс жоғары болады – 134,6 мың, сауда мамандары – 130,8 мың, көлік және қойма – 92,2 мың, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 75 мың, өңдеу өнеркәсібі – 68,6 мың, денсаулық сақтау мамандарына – 67,8 мың. Мұнымен қатар, біз топ-100 жұмысшы мамандықтар мен топ-300 аса сұранысқа ие дағдылар тізімін жасадық", – деді Асқар Биахметов. 


Оқи отырыңыз: "Кім боламын?" Мамандық таңдауға көмектесетін 5 тест


Ары қарай ведомство өкілі елде жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға тарту мақсатында бірқатар шара жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Осы тізімге дәнекерлеушілер, сантехниктер мен құбыр жүргізушілер, электромеханиктер, тау-кен жұмысшылары мен кеншілер, фермерлер мен ауыл шаруашылығы жұмысшылары, сылақшылар, ТКШ мамандары, тракторшылар, мұнай және газ өндіру операторлары, тас қалаушылар, ағаш ұсталары кірді", – деп қосты вице-министр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары