USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

2027 жылы Орталық Азияда жауын-шашын мөлшері едәуір артуы мүмкін

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ал Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Африка, Орталық Америка және Үндістанда күшті құрғақшылық болуы ықтимал.

MoveGreen сарапшылары Эль-Ниньо табиғи құбылысына арналған аналитикалық шолу жариялап, оның Орталық Азиядағы климаттық жағдай мен табиғи қауіп-қатерлерге ықтимал әсерін бағалады.

2026 жылғы 2 маусымда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Тынық мұхитының тропикалық бөлігінде Эль-Ниньо құбылысының қалыптасу белгілері байқалғанын хабарлап, елдерді ауа райының өзгеруіне дайын болуға шақырған болатын. Ал 11 маусымда АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасы Эль-Ниньо құбылысының басталғанын ресми түрде жариялады.

Еуропалық комиссияның Бірлескен зерттеу орталығының 2026-2027 жылдарға арналған болжамынша, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Африка, Орталық Америка және Үндістанда күшті құрғақшылық болуы ықтимал. Ал Орталық Азияда, керісінше, жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан айтарлықтай жоғары болмақ.

Мамандардың айтуынша, егер мұхит бетінің температурасы 2,5-3 градус Цельсийден жоғары көтерілетін Супер Эль-Ниньо қалыптасса, өңірдегі жауын-шашын көлемі әдеттегі Эль-Ниньо кезеңімен салыстырғанда да айтарлықтай артуы мүмкін. 

Болжам бойынша, тамыз айына дейін Орталық Азияда жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға жуық болады. Алайда қараша айына қарай Эль-Ниньо күшейген сайын жауын-шашынның қалыпты деңгейден жоғары болуы ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау