USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

2027 жылдан бастап зейнетақы жинақтарына қатысты жаңа тәртіп енгізіледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Үкімет зейнетақы жүйесін реформалайды.

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту аясында азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тетіктері кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Зейнетақы жинақтарын басқаруға қойылған шектеу алынады

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін жеке инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

Бұған дейін мұндай компанияларға зейнетақы активтерінің тек 50%-ын ғана аударуға рұқсат етілген болатын.

Ведомствоның түсіндіруінше, жаңа жүйе азаматтарға инвестициялық стратегияны өз қалауынша таңдауға мүмкіндік береді. Ал жеке инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялық шығын туындаған жағдайда айырманы өз капиталы есебінен өтеуге міндетті болады.

2027 жылдан өтемақы тетігі өзгереді

Министрлік 2027 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға инфляция деңгейіндегі айырманы өтеуге арналған бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс зейнетақы жүйесін ұзақ мерзімді инвестициялық табыстылыққа бағыттау және азаматтарды өмір бойғы тұрақты төлемдермен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Үкімет зейнетақы жүйесінің әлеуметтік сақтандыру құрамдасын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Жаңа модель еңбек өтілін ескеріп, азаматтардың жоғалған табысын халықаралық стандарттарға сәйкес өтеуді көздейді. Бұған қоса, жұмыс тобы "4+1" моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу және Сингапурдың зейнетақы жүйесінің тәжірибесі сияқты түрлі тәсілдерді қарастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау