Оңтүстіккореялық Huawei компаниясы 2026 жылы Қазақстан нарығында сатылатын үш жаңа технологиялық өнімін таныстырды. Олардың қатарында планшет, құлаққап және бүктемелі смартфон бар.
MatePad 11.5 S – оқу, жұмыс және креативті тапсырмаларға арналған қуатты құрал. Оның басты ерекшелігі – көзге түсетін жүктемені азайтып, бейнені барынша жайлы ететін жетілдірілген PaperMatte технологиясындағы экраны.
Жоғары өнімділігі, пернетақтаны қолдауы және пайдалы тегін қосымшалардың кең жиынтығының арқасында планшет ноутбуктың толыққанды баламасы ретінде ұсынылады. Құрылғы пернетақтамен бірге сатылымға шыққан, сондай-ақ сыйлық ретінде стилуспен толықтырылады.
Mate X7 – премиум дизайн мен озық технологияларды үйлестірген жаңа буындағы бүктелетін смартфон. Құрылғы жетілдірілген бүктеу механизмімен, жұқа корпусымен және жоғары сапалы фото мен бейне түсіруге мүмкіндік беретін флагмандық камерасымен ерекшеленеді.
Иілгіш экран екінші буындағы берік Kunlun Glass әйнегімен қапталған, ол құрылғыны сызаттар мен жарықтардан қорғайды. Сонымен қатар смартфон ылғалдан қорғалған, бұл оны күнделікті пайдалануда одан әрі төзімді етеді.
Үлкен иілгіш дисплей контентпен ыңғайлы жұмыс істеуге, бейне көруге және бірнеше қосымшаны қатар пайдалануға мүмкіндік береді, ал бүктелген күйінде смартфон ықшам әрі күнделікті қолдануға қолайлы болып қала береді.
FreeClip 2 – озық технологиялы құлаққап. Ол ультражеңіл салмағымен және мұқият ойластырылған эргономикалық дизайнымен ерекшеленеді. Құлақта берік бекітіліп, белсенді қозғалыс кезінде де түсіп қалмайды, бұл оларды спорт пен динамикалық өмір салтына тамаша таңдау етеді.
Ашық форм-фактордың арқасында пайдаланушылар айналадағы дыбыстарды естіп отырады, бұл күнделікті қолдану кезінде, әсіресе көшеде немесе жаттығу барысында, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Сонымен қатар FreeClip 2 жетілдірілген динамиктер мен интеллектуалды аудиоөңдеу жүйесінің арқасында жоғары сапалы дыбыс ұсынады: таза жоғары жиіліктер, қанық бас және теңдестірілген дыбысталу қамтамасыз етіледі. Шу басу және дауысты оңтайландыру технологиялары тіпті шулы ортада да жайлы сөйлесуге мүмкіндік береді.