USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

2026 жылы Қазақстан QazTech базасындағы цифрландырудың платформалық моделіне көшеді

Фото: Primeminister.kz сайты
Фото: Primeminister.kz сайты
Цифрландыруды дамыту бір-бірінің қызметтерін қайталамай, тиімсіз бюджеттік шығынсыз, бірыңғай архитектура шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландырудың платформалық моделіне көшу туралы Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінде премьер-министр орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұлттық холдинг пен компания өкілдері қатысты. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының QazTech электрондық үкіметінің ұлттық ақпараттық-коммуникациялық платформасына міндетті түрде көшу мәселесіне басты назар аударылды.

Кеңес барысында 2026 жылдың басынан бастап QazTech платформасынан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді құруға мораторий енгізілетіні атап өтілді. Цифрландыруды дамыту бір-бірінің қызметтерін қайталамай, тиімсіз бюджеттік шығынсыз, бірыңғай архитектура шеңберінде жүзеге асырылады.

Платформалық модельге көшу мемлекеттік цифрлық сервистер мен деректерді шоғырландыруға, артық ақпараттық жүйелер санын қысқартуға, сондай-ақ цифрлық шешімдер ауқымдылығын, қауіпсіздігі және технологиялық үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Біздің міндетіміз – цифрлық шешімдер бытыраңқы жобалар емес, жүйе ретінде жұмыс істейтін мемлекеттің орнықты, бірыңғай және тиімді цифрлық платформасын құру", – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау