2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының қорытынды медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орынға жайғасқаны белгілі болды.
Дүбірлі додада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Ол 13 наурызда пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) чемпион атанды.
Бұған дейін, 10 наурызда, спортшы пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт сайысында қола медаль еншілеген еді.
Жалпы медальдар есебінде 44 жүлдемен Қытай құрамасы (15 алтын, 13 күміс, 16 қола) бірінші орын алды. Екінші орынды АҚШ құрамасы (13 алтын, 5 күміс, 6 қола) иеленсе, үшінші орынға Ресей құрамасы (8 алтын, 1 күміс, 3 қола) тұрақтады.
Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын және 1 қола медальмен жалпы есепте 18-орынға жайғасты.
Ербол Хамитов жалпы сомасы 160 млн теңге сыйақы алатын болды. Ол алтын медалі үшін мемлекеттен 250 мың доллар, яғни, 122 млн теңге және қолда жүлдесі үшін 75 мың доллар, яғни, 36 млн теңге сыйақы алады.
Жалпы, жарыс барысында 27 елдің спортшылары медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, биылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғады. Халықаралық додада ел атынан барлығы 7 спортшы бақ сынады.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…