Азаматтар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылаудан өтіп, дәрі-дәрмекпен және зертханалық талдаулармен қамтамасыз етіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі қайта қаралып, кеңейтіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жаңартылған тізімге енгізілген аурулары бар азаматтар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылаудан өтіп, дәрі-дәрмекпен және зертханалық талдаулармен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау министрлігі аталған өзгерісті халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды күшейту және созылмалы аурулардың алдын алуды жақсарту мақсатында қабылдаған.
Оқи отырыңыз: Моңғолиядан келген қандастар зейнетке шыққанда әскери қызмет пен оқу мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі
Жаңа тізімге кіретін әлеуметтік мәні бар аурулар:
- туберкулез;
- ЖИТС-инфекция;
- созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;
- қатерлі ісіктер;
- психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
- алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
- жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
- сирек кездесетін аурулар;
- эпилепсия;
- инсульт (1 жылға дейін).
USD:
519.1 / 521.7
EUR:
603.0 / 608.0
RUB:
6.53 / 6.67