Ол ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайтын болады.
Ашық НҚА порталында жарияланған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына сәйкес, Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшерін есептеу тәртібі өзгереді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде айқындалады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады?
Еске салайық, Қазақстанда кедейлік шегі 2017 жылдың 1 қазанынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде есептелсе, бұл көрсеткіш 2018 жылғы 1 қаңтардан 50 пайызға, ал 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 70 пайызға көтерілген болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлеуметтік кодекс жобасына сәйкес, 2025 жылдан бастап көрсеткішті қайтадан 50 пайызға түсіруді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады.
Құжат жобасы 15 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
347
-
1
-
4
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
340
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
311
-
0
-
4
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
300
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
302
-
0
-
1
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
302
-
0
-
1
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
290
-
0
-
1
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
286
-
0
-
1
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
289
-
0
-
1
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
298
-
0
-
1
-