Тікелей эфир

2024 жылы қазақстандықтар орташа есеппен қанша зейнетақы алады?

Индексацияны ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері 10 мың теңгеге өседі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова Қазақстандағы 2024 жылға арналған зейнетақының орташа мөлшері туралы айтты.​

"Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін гі аралықта белгіленді. Келесі жылдан бастап біз бұл ең төменгі шекті тағы 5%-ға арттырамыз, оған қоса индекстеу 7%-ды құрайды. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқталған жұмыс өтілі үшін және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық қолданыстағы зейнеткерлерге төленетін ынтымақты зейнетақы 7% инфляция плюс 2% - инфляция деңгейінен жоғары индекстелетін болады. Жалпы, индекстеу 9 пайызды құрайтын болады. Зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңгені құрайды", – деді министр.

Бүгінде Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге шамасында.


Оқи отырыңыз: Зейнетақы төлемдерін 55 жастан бастап алуға болады. Ол үшін не істеу керек?


 

Серіктестер жаңалықтары