Тікелей эфир

2024 жылы елімізде такси бағасы қымбаттайды

Жаңа жылдан кейін мемлекеттен таксопарктерге жалға берілетін көліктер үшін субсидия берілуі тоқтайды.

Жаңа жылдан кейін мемлекеттен берілетін субсидия алынса, көліктердің құны тағы қосылып, тиісінше жолаушылар қызметінің құны да өсуі мүмкін, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Біз онсыз да көп табыс таппаймыз. Күнделікті шамамен 20-25 клиент тасимыз. Барлық шығынды алып тастаса – күніне 7000 теңгедей ғана таза табыс табамын. Келер жылдан бастап үкімет таксопарктерге субсидия бөлуді тоқтатуы мүмкін. Сол уақытта біздің күнде жалға алып жүрген көліктеріміздің құны өседі. Сәйкесінше, такси бағасы да шарықтауы мүмкін", – деді жүргізушілер одағының атқарушы директоры Нүркен Тәжібай.

Бүгінде жүргізушілер жалға алған көліктер үшін күніне 12 000 теңгеден бастап, 20 мыңнан жоғары ақы төлейді. Таксопарк көліктерін мініп жүретіндердің саны мегаполис бойынша 60 пайыздан асып жығылады. Әзірге бұл ақпарат туралы нақты шешім шыққан жоқ. Такси жүргізушілерінің жайы қалай шешілері алдағы уақытта белгілі болмақ.


Оқи отырыңыз: "Үй мен көлігімді саттым". Атыраулық хакер қалай отандық такси қосымшасын әзірледі?


 

Серіктестер жаңалықтары