Тікелей эфир

2024 жылдан бастап жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлерге салық есептілігін ұсыну міндеті жүктеледі

Әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жолдануда.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесі пайда болады. Бұл туралы  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде "Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны" заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Республика бойынша 27 954 жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

Әрекетсіз жеке кәсіпкер екеніңізді тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына "Электрондық қызметтер" мәзірінде "Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу" бөліміне өту қажет.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары шағын бизнесті патент салығына қайта көшіруді талап етті.


Осыған байланысты Комитет жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.

 

 

Серіктестер жаңалықтары