2024 жылы Астанадағы LRT құрылысын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен тағы 45 миллиард теңге сұралады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкіметтің брифингінде мәлімдеді.
Министр 2024 жылға арналған LRT құрылысына жұмыс көлемін ұлғайту кезінде 150 млрд теңгеге дейін сұралатынын атап өтті.
"Келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін шамамен 45 млрд теңге бюджеттік соманы талқылап жатырмыз. Қазір бұл жерде 1500 адам жұмыс істеп жатыр, жұмыс көлемі арта түссе, яғни ұжым шыдас беріп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдете алса, қосымша 150 миллиард теңге сұраймыз. Бірақ нысанның негізгі аяқталуы 2025 жылға жоспарланған", – деді Марат Қарабаев.
Оқи отырыңыз: Президент: Астана LRT-ны енді бұзу уақыт пен ақшаны жоғалтумен тең
2023 жылы Астанадағы LRT құрылысына еліміздің Ұлттық қорынан 52 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша тіреуіштердің қадалары 96%, тіректердің өзі құрылысы 76%, құрама біріктіру құрылымдары 82% орындалды. Ағымдағы жылдың жазында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын аяқтау үшін алдағы екі-үш жылда 250-300 миллиард теңге бөлу қажет екенін хабарлады.