1989 жылы жарық көрген "Сұлтан Бейбарыс" көркем фильмі араб және ағылшын тілдеріне аударылады.
Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен 2022-2024 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы 2023 жылы тойланады. Қазіргі уақытта Түркістан облысы бастаған мүдделі мемлекеттік органдар мерекелі іс-шаралардың жоспарын құруда, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
"Мерейтойдың аясында "Бейбарыс ізімен" атты халықаралық ғылыми экспедицияны ұйымдастыру, 1989 жылы жарық көрген "Сұлтан Бейбарыс" көркем фильмін араб және ағылшын тіліне аудару, телехикаялар түсіру, "Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихы" басылымына мәмлүктерге арналған мәліметтерді енгізу, республикалық кітапханаларда тұрақты кітап көрмелерін ашу және әлем музейлерінде Сұлтан Бейбарысқа қатысы бар жәдігерлердің көшірмелерін жинақтау, Мысырға театр гастрольдерімен бару жоспарланып отыр", – деді Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда Дінмұхамед Қонаев пен Ғабит Мүсірепов мұражайлары ашылды. Фото
Сонымен қатар ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Бабалар ізімен" және "Тағдыр.Тарих.Тұлға" деректі фильмдер циклінің шеңберінде Сұлтан Бейбарыс туралы түсірілген материалдарды республикалық телеарналарда көрсететін болады.
"Жалпы ұсыныстар Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай ескеріледі", – деп қосты Ералы Тоғжанов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
348
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
313
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
293
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
309
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
279
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
270
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
246
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
280
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
286
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
264
-
0
-
0
-