
Биыл Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл.
Алматыда Қонаев мұражайы жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды.
Биыл Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл.
Мұражайдың ашылу салтанатына халықаралық Дінмұхамед Қонаев атындағы қордың жетекшісі Эльдар Қонаев, Қонаевтың жиені Диар Қонаев, жеке дәрігері Ахат Мулюков, жақын досы Александр Гойколов келді.
Реэкспозиция Дінмұхамед Қонаевтың "Сталиннен Горбачевке дейін" кітабының негізінде жасалды. Аталған автобиографияда саясаткердің елдегі басты оқиғаларға көзқарасы туралы жазылған.
Жұмыс барысында Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары қаз қалпында сақталды.
Сондай-ақ, музей цифрлық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталды. Енді музей қонақтары аудиогид көмегіне жүгіне алады.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін екінші қабатқа көтерілу үшін лифт жасалды.
Еске салсақ, музей 2002 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 90 жылдығына арнап ашылды. Экспозицияның соңғы жөндеу жұмыстары 10 жыл бұрын – 2011 жылы жүргізілді.
Музейде жалпы 8 196 экспонат бар.
Мұнымен қатар, Алматы қаласында қазақ әдебиеті классигі Ғабит Мүсіреповтің музейінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Реэкспозиция жазушының 120 жылдығының алдында жүргізілді.
Жаңаланған музейге бірінші болып кіргендер қатарында жазушының қыздары Гүлнәр және Гауһар Мүсіреповалар бар.
Музейдің модернизациялануының арқасында бір жылдағы келушілер саны екі есе артып, 22 адамға жетеді деп жоспарланып отыр.
Жөндеу жұмыстары кезінде музей ақпарат стендтері, мультимедия жүйесі, контентті сенсорлық басқару проекциясы және мультимедиялық тач панелдермен жабдықталды.
Музейде Ғабит Мүсірепов сценариін жазған "Амангелді", "Қыз Жібек" және "Қауын" фильмдерін көрсететін кинозал бар.
Еске салсақ, Ғабит Мүсірепов өмірінің соңғы 18 жылын өткізген пәтер кейін мұражайға айналды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
343
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
311
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
291
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
307
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
277
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
268
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
243
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
277
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
283
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
258
-
0
-
0
-