2023 жылы қандас мәртебесін алған этникалық қазақтардың тең жартысы Өзбекстаннан келген

3134 этникалық қазақтың 20 пайызының ғана білімі жоғары.

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 3134 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралған.

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды" делінген министрліктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Елге келген қандастардың 20,1 пайызы жоғары білімді болса, 40,9 пайызының білімі орта кәсіби,  35,2 пайызының жалпы орта білімі бар және 3,8 пайызының білімі жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз