Тікелей эфир

2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады

Әлеуметтік кодекс аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге пайдалану құқығы беріледі.

1 шілдеден бастап зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз жинақтарының толық сомасын пайдалана алады. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Әлеуметтік кодекс аясында БЖЗҚ жинақтарының барлық сомасын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу үшін пайдалануға болады.

"Зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы жинақталған қаражатты екі мақсатта пайдалану үшін "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады" – делінген хабарламада.

  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар – "төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын соманың бір бөлігін;
  • зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40 пайызын құрайтын зейнеткерлер  – жинақтарының 50 пайызына дейін;;
  • өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.
Серіктестер жаңалықтары