Тікелей эфир

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда тұрғын үйді сату бойынша мәміле саны 19,2% өсті

Желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алып-сату бойынша 37 818 мәміле жасалды.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 238 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 29 580 мәміле жасалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда (31 727) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,2% көбейді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (7594 – 20,1%) және Астана (7157 – 18,9%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2946 – 7,8%) көш бастап тұр", – деп жазылған хабарламада.

2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2022 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға көбейген. Ол кезде 33 587 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Ақтөбе облысында (15,3%) тіркелді, ал Алматы облысында ұлғаюдың ең жоғары көрсеткіші (62,3%).


Оқи отырыңыз: Бір бөлмелі пәтер – 7 млн теңге. Қазақстанның қай қаласында пәтер бағасы арзан?


 

Серіктестер жаңалықтары