USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

20 шілдедегі ауа райы: оңтүстікте 43 градусқа дейін ыстық, солтүстікте жаңбыр жауады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның бір бөлігінде аптап ыстық, енді бірінде найзағай болады.

20 шілдеде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Синоптиктердің болжамынша, ең жоғары ауа температурасы Шымкентте +41…+43 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар:

Алматы, Қонаев, Талдықорған, Тараз және Түркістанда күндіз +40…+42°C ыстық болады;

  • Қызылордада – +35…+37°C;
  • Семей мен Өскеменде – +34…+36°C;
  • Жезқазған – +32…+34°C;
  • Атырау, Қарағанды және Павлодарда – +30…+32°C.

Солтүстік пен батыста жаңбыр жауады

Астана, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, Оралда бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ болмауға, жеткілікті су ішіп, күннен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау