20 қазанда "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл жолы қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінді.

20 қазанда Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" жастар тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Өңір жастары 31 қазанға дейін qr.gov.kz сайтына кіріп өтіінм бере алады.

Бағдарлама талаптары:

  • несиелеу сомасы – 18 млн теңге;
  • несие беру уақыты – 19 жылға дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • 21 жастан 35 жасқа дейін;
  • қатысушының және оның жолдасы немесе жұбайының Батыс Қазақстан облысында соңғы бір жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы;
  • Батыс Қазақстан облысында кем дегенде кейінгі бір жылда жұмыс істеуі керек, міндетті зейнетақы жарнасы талап етіледі;
  • үміткерде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үй болмауға тиіс;
  • үміткер және оның отбасы мүшелерінде ортақ бірлескен меншік болған жағдайда 25%-дан көп болмауға тиіс. Үміткердің және оның отбасы мүшелері меншігінде жер телімі, жатақхана немесе саяжай болса бағдарламаға қатыса алады;
  • бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • өтінім беру үшін Отбасы банк шотында бастапқы жарнаның 10%-ы болуы шарт.

Бағдарламаға қатысатын нақты жастар санаттары:

  • денсаулық сақтау;
  • білім: 
  • мәдениет;
  • спорт;
  • БҚО коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері;
  • мемлекеттік қызметшілер;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • БАҚ қызметкерлер;
  • төтенше жағдайлар қызметкерлері;
  • "Қазпошта" қызметкерлері.

Қажет құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • неке қию туралы куәлік (бар болса);
  • баланың туу туралы куәлігі (бар болса);
  • жұмыс орнынан анықтама;
  • кейінгі бір жыл бойғы зейнетақы төлемдері туралы анықтама;
  • ҚР аумағында жылжымайтын мүлкі бар-жоғы туралы анықтама;
  • Отбасы банкінен анықтама;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат (бар болса).

Үміткерлердің ұпайлары былайша есептеледі:

  • бірінші бала үшін – 2 ұпай;
  • келесі әр бала үшін – 1 ұпай;
  • тіркелген некедегі әр жыл үшін – 1 ұпай;
  • әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – 1 ұпай;
  • Отбасы банк есепшотында әрбір 10% жинақ үшін – 1 ұпай беріледі (20% болса – 2 ұпай, 30% болса – 3 ұпай тиісінше).

Бағдарламаға қатысты сұрақтар туындаса 8 700 124 02 15, 8 705 216 50 97 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары