Талдықорған қаласында 19 жастағы екі азамат таныстарын қорқытып, өз атына микронесиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, қылмыстық жоспар 2024 жылдың күзінен бері жүзеге асырылған.
"Тергеу барысында алты адам зардап шеккені анықталып, жалпы келтірілген шығын 2 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, ал қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды кез келген бопсалау немесе қысым көрсету әрекеттері болған жағдайда дереу хабарлауға шақырды.