USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 551.5 / 556.5
  • RUB: 6.09 / 6.23
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

2 апталық курс оқығандардың дәурені өтті – Асхат Аймағамбетов псевдокоучтар туралы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
"Психологиялық қызмет туралы" заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында "Психологиялық қызмет туралы" авторлық заң Сенаттан сәтті өтіп, президенттің қол қоюына жіберілгенін хабарлады. 

"Бұған дейін қалай еді? Күйзеліске түскен адам Инстаграмнан әдемі парақшасы мен күмәнді сертификаты бар "маманды" тауып, соңғы ақшасын санап берсе де, жағдайы тек нашарлай түсетін. Мыңдаған адамның, отбасының тағдырын күл-талқан етті. Сала заңмен реттелмегендіктен, олар ешқандай жауапқа тартылмайтын. Енді бұл өзгереді", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ, депутат заңдағы басты өзгерістерге тоқталды:

Дипломсыз және реестрсіз психолог болмайды. Енді арнайы жоғары білімі (дипломы) жоқ және бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелмеген адамдарға өзін "психолог" деп атауға заңмен тыйым салынады. Кез келген азамат маманның реестрде бар-жоғын оңай тексере алады. Реестрде жоқтардың қызмет көрсетуге құқығы болмайды. 

"Психо" атауын жамылып алдауға жол берілмейді. Дипломы жоқ коучтар мен тренерлерге өз жарнамасында "психолог" сөзін, сондай-ақ одан туындайтын кез келген атауларды (мысалы, "психо-коуч", "психо-кеңесші") қолдануға ресми түрде тыйым салынады. 2 апталық курсты бітіргендердің дәурені бітті. 

Онлайн-жарнама бақыланады. Психологтар әлеуметтік желіде өздерінің реестрдегі нөмірі мен білімін ашық көрсетуге міндеттеледі. "Проблеманы 1 күнде шешемін" немесе "нәтижеге 100 пайыз кепілдік беремін" деп жалған уәде беріп, халықты алдағандар жауапқа тартылады. 

Күрделі тақырыптарға тек кәсіби мамандар жіберіледі. Депрессия, психологиялық жарақаттар, мазасыздық сияқты терең мәселелермен және жалпы психологиялық көмек көрсетумен енді тек кәсіби, дипломы бар мамандар ғана айналысады. Кәсіби дайындығы жоқ коучтар бұл салаға жолай алмайды. 

Психолог пен психиатрдың аражігі ажыратылады. Психолог – дәрігер емес. Оған медициналық диагноз қоюға, дәрі-дәрмек жазуға немесе адам санасына әсер ететін психоактивті әдістерді қолдануға қатаң тыйым салынады. Егер пациентте ауыр психикалық ауытқу белгілері болса, психолог оны бірден дәрігер-психиатрға бағыттауға міндетті. 

Кәсіби құпия заңмен қорғалады. Сіздің психологқа айтқан құпияңыз, жеке өміріңіз сіздің жазбаша келісіміңізсіз еш жерде жарияланбайды. Сізді рұқсатсыз видеоға немесе аудиоға түсіруге де қатаң тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз