Бұрын кепілге тек жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік қабылданатын.
"Агрокредиттік корпорация" жастарға жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие беруге қабылданатын кепіл түрлерінің тізбесін кеңейтті.
Несие алу үшін кепіл ретінде мыналар тізімдегілер қосымша қабылданады:
- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарға орналастырылған қаражаттар;
- республикалық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардағы, аудан орталықтарындағы, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық елді мекендердегі жылжымайтын мүлік;
- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері (егістік жер);
- жайылымдарды суару және қоршау үшін инфрақұрылымы бар жер учаскелері;
- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;
- арнайы жабдық.
Бұрын несие алу үшін кепілге тек жылжымалы және жылжымайтын мүліктер қабылданатын.
Оқи отырыңыз: Жастарға арналған 2,5%-дық кредит. Кімдер, қашан және қалай алады?
Шағын несие 21 бен 35 жас аралығындағы жастарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу шартымен өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Шағын несиенің мөлшері 5 миллион теңгеге дейін, ең жоғары мерзімі – кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (кез келген мақсатта), ал мал алу үшін 7 жылға дейін.