Тікелей эфир

17 жастағы азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады

Жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жасар бала әскери есепке алынады. Қ

2024 жылғы бірінші қаңтарынан бастап пилот жобасы аясында 17 жастағы жігіттер әскери есепке автоматты түрде қойылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жасар бала әскери есепке алынады. Қызметті автоматтандыру шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Ал үнемделген қаражат медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды әскери комиссариаттарға алдыру, кеңсе тауарлары және тағы басқа қызметтерге жұмсалатын болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары