Запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылады – Үкімет қаулысы

Қаулы 11 шілдеде күшіне енеді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жөніндегі Үкімет қаулысына қол қойды.

Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:

  • ҚР Қарулы күштеріне – 550 офицер;
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер;
  • ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылатын запастағы офицерлер саны жоспардан екі есе артады


"Жобаның мақсаты – 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады", – делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Құжат 11 шілдеден бастап күшіне енеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз