17 қазандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,84 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,32 теңгеге арзандап, 536,32 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,84 теңге. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,04 теңгеден сатып алынады, 540,07 теңгеден сатылады. Еуро 626,99 – 631,21 теңге, ал рубль 6,56 – 6,69 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 536,34 теңгеден сатып алынады, 542,32 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 625,53 теңге, сату - 633,54 теңге. Ал рубль 6,52 - 6,68 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары