USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Келесі жоспарлы шешім 2025 жылғы 28 қарашада жарияланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім инфляцияның күшеюі мен сұраныстың ұсыныстан асып түсуіне байланысты қабылданған. Белсенді фискалдық саясат пен ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шамадан тыс өсу қаупін күшейтті.

Қыркүйекте жылдық инфляция 12,9%-ға жетіп, болжамнан жоғары болды (тамызда – 12,2%). Азық-түлік пен реттелетін қызметтер бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Сервистік инфляция 15,3%-ды, ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 10,8%-ды құрады.

Ұлттық Банк мәліметінше, айлық инфляция да 1,1%-ға дейін жеделдеп, инфляциялық қысымның тұрақты сипат алғанын көрсетіп отыр. Халық пен нарық қатысушыларының инфляциялық күтулері жоғары деңгейде қалып отыр — жылдық күтілім 12%-ға дейін өскен.

Банктің хабарлауынша, экономикалық өсім қаңтар–тамыз аралығында 6,5%-ға жеткен. Өсім негізінен бюджеттік шығындар мен тұтынушылық сұраныс есебінен қамтамасыз етіліп жатыр.

"Инфляцияның айтарлықтай жеделдеуі мен инфляциялық күтулердің жоғары болуы ақша-кредит шарттарының жеңілдеуіне алып келді. Сол себепті инфляцияны тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажет болды", – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Банк алдағы уақытта да инфляциялық және макроэкономикалық көрсеткіштерді мұқият бақылап, қажет болған жағдайда қосымша қатаңдату шараларын қабылдайтынын атап өтті.

Келесі жоспарлы шешім 2025 жылғы 28 қарашада жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз