16 наурызда Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталады

Фото: Жазушылар олдағы
Фото: Жазушылар олдағы
Өтінім "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады.

16 наурызда қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа үміткерлерден өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Жазушылар одағы хабарлады. 

Сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында биыл төртінші рет тағайындалып отыр.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.

Өтінімді 2026 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз