Тікелей эфир

16 мың литр алкоголь: Петропавлда жасырын цех жабылды

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт тәркіленген.

Қаржылық мониторинг агенттігінінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру барысында қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағындағы қойма үй-жайы жойылған. Онда антисанитариялық жағдайда суррогат спирті құйылып, облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сатылған.

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соған байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.


Оқи отырыңыз:


 

 

Серіктестер жаңалықтары