USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

16 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, күн ысиды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қызылорда мен Түркістанда ауа температурасы 39 градусқа жақындайды.

16 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде аптап ыстық сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Соған қарамастан ауа температурасы бірқатар аймақта +39 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, оңтүстік пен орталық аймақтарда күн қатты ысиды.

Ең жоғары температура Қызылорда қаласында тіркелуі мүмкін. Мұнда күндіз ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ Түркістан қаласында +36...+38 градус, Шымкентте +35...+37 градус ыстық болады деп күтіледі.

Алматы қаласында жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін жетеді. Ал Қонаевта +34...+36 градус ыстық күтіледі.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы +28...+30 градус шамасында болады.

Жаңбыр мен найзағай Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз және Өскемен қалаларында да болжанып отыр.

Ал Ақтау, Атырау, Жезқазған және Қарағанды қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ыстығында ұзақ уақыт далада жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз