"Халық заңгері" акциясы республиканың ірі қалаларында өтеді.
16 қыркүйекте Қазақстанның барлық ірі қаласында – Алматы, Нұр-Сұлтан, Қонаев, Ақтөбе, Тараз, Түркістан, Ақтау, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Орал, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Көкшетау, Талдықорған қалаларында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық әлеуметтік маңызы бар тегін акция басталады, деп хабарлайды (БАҚ атауы).
Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылар ұйымдастырып отыр.
Жобаның мақсаты – азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.
Оқи отырыңыз: Алматыда тегін заң қызметін алу үшін қайда жүгіну керек?
"Халық заңгері" акциясы 2016 жылы басталған, алайда 2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтаған болатын. Биылғы акция 16 қыркүйек күні сағат 16.00-де басталады.
Кез келген азамат "Халық адвокаты" акциясына келіп, өзін қызықтыратын барлық құқықтық мәселе мен дау бойынша үздік, кәсіби деңгейі жоғары заңгерлерден, соның ішінде тәжірибелі, беделді адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан тегін, толық көлемде қажет көмек пен кеңес ала алады. Кеңес берушілер қатарында тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қызметкерлер, әділет, көші-қон полициясы, банк омбудсмені, сонымен қатар жауапты басшылық қызметтерді атқаратын ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері болады.
Заңгерлер кеңес береді, ал мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдайды. Азаматтарды қабылдау уақыты шектелмейді, соңғы адам келгенге дейін жалғасады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-