USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

150 млн теңгеден астам қаражат жымқырған интернет-алаяқтар ұсталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Олардың арасында рөлдер нақты бөлініп, жүйелі түрде жұмыс істеген.

Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтық деректері бойынша 200-ден астам істі зерделеп, ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан топты анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады

Киберқылмыспен күрес басқармасы топ мүшелерін Астана қаласында ұстады. Олар банк карточкалары арқылы ақшалай қаражат түскен адамдарды ("дропперлерді") оқытып, алаяқтық жолмен түскен қаржыны айналымға енгізіп отырған.

Тергеу барысында топ ішінде рөлдер нақты бөлініп, қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жүргізілгені анықталды. 

Алдын ала мәліметке сай, топ 100-ден аса адамның 150 миллион теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз